1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда жатақхана өртенді14 тамыз 2020, 10:07

© Алматы ТЖД © Алматы ТЖД

Алматының Түрксіб ауданында өндірістік нысан аумағындағы екі қабатты жатақхана өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің мәліметінше, өрт салдарынан ғимараттың екінші қабаты толығымен жанып кеткен.

"ТЖД пультіне өрт туралы хабарлама 13 тамызда сағат 18.50-де келіп түсті. Спасская көшесі, 90 мекен-жайындағы екі қабатты ғимарат жанып жатқаны туралы хабарланды. Өртсөндірушілер келген бойда екі қабатты жатақхананың шатыры мен екінші қабаты жанып жатқанын байқады. Өрттің жалпы аумағы 80 шаршы метр.

Гидранттардың қашықтығына қарамастан, өртсөндірушілер тілсіз жауды 11 минутта жойды. Асхана орналасқан бірінші қабат қана жанбады. Өрт жақын маңдағы өндірістік цехтерге ұлсқан жоқ", - делінген ТЖД хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по чс г.Алматы (@almaty_tjd)

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері әлі хабарланбады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!