09 маусым 2023 | 14:57

Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы маңындағы ауылдардың бірінде Hyundai жүргізушісі дрифт жасап, жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы маңындағы ауылдардың бірінде Hyundai жүргізушісі дрифт жасап, жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеода түн уақытында қолына сөмке ұстаған ер адам көшеде келе жатқаны көрінеді. Кенет бұрлыстан асқан жылдамдықпен көлік шыға келеді. Жаяу жүргінші көлікті дер кезінде байқап қалып, темір қоршауға секіріп шығуға ұмтылады. Алайда ол құтыла алмайды. Көлік қатты келіп соққаннан ер адам құлап түседі. Орнынан тұруға ұмтылғанымен қолынан келмейді.

Полиция мәліметінше, оқиға 8 маусымда түнгі сағат 23:30 шамасында болған. Көлікті 19 жастағы жасөспірім тізгіндеген.

"Ол Боролдай ауылы көшелерінің бірінде көлікті тізгіндей алмай, 35 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Түрлі дене жарақаттарымен зардап шеккен адам Өтеген батыр ауылының ауруханасына жатқызылды.

Кінәліге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
610-612-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Алматы облысының полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети