19 наурыз 2019 18:17

Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

видеодан үзінді

Алматыда жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 17 наурызда сағат 9.00 шамасында Рұсқұлов пен Шәріпов көшелерінінің қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі қиылыста сол жаққа бұрылмақ болған. Көліктер соқтығысқан. Жеңіл көлікті әйел адам басқарған. 

Реклама
Реклама

 

Алматы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттіқ коммуналдық мамандырылған автокөлік кәсіпорнының басшысы Андрей Драгойдың айтуынша, жол көлік оқиғасы салдарынан Toyota көілігінде отырған екі қыз жеңіл жарақат алған. Оған қоса салонда жүкті әйел болған, бірақ оның баласын құтқару мүмкін болмаған.

"Бұл оқиғаны әкімшілік полиция өкілдері тексеріп жатыр. Біздің қызметкерден көлік жүргізу куәлігін алмаған. Оқиға егжей-тегжейлі тексерілмейінше ол жұмыстан шеттетілді. Куәгерлердің айтуынша, көліктің дабыл шамшырақтары қосулы болған", - деді Драгой.


Фото: instagram.com/kris_p_almaty

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Появилось видео момента ДТП на Рыскулова/Шарипова с участием кареты скорой помощи...

Публикация от Алматы | Almaty ???????????????? (@kris_p_almaty) 18 Мар 2019 в 3:38 PDT

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram