16 қазан 2019 09:19

Алматыда жеке үйде шыққан өрт салдарынан әйел адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматыда жеке үйде шыққан өрт салдарынан әйел адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жеке үйде шыққан өрт салдарынан әйел адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"15 қазанда сағат 22.22-де Алматының "101" пультіне Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан. 23.00 - де 25 шаршы метр алаңда өрт сөндірілді", - делінген хабарламада.

Өрт болған жерде 1960 жылғы үй иесінің мәйіті табылды. Сондай-ақ, күйік шалған 1987 жылғы ұлы ауруханаға жеткізілді. 

"Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт сөндіруге Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 17 маманы мен төрт арнайы техника жұмылдырылды. Полицейдер оқиға орнын қоршауға алды", - делінген ТЖК хабарламасында. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети