09 маусым 2021 14:24

Алматыда желдің салдарынан үш ұшақ қосалқы аэродромдарға жіберілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты қосалқы әуеайлақтарға үш рейс жөнелтілді. Бұл туралы әуеайлақ баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты қосалқы әуеайлақтарға үш рейс жөнелтілді. Бұл туралы әуеайлақ баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қатты жел соғуына байланысты қосалқы аэродром - Шымкент, Бішкек және Нұр-Сұлтанға үш рейс жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл Flyarystan әуекомпаниясының екі және Air Astana-ның бір ұшағы.

Ауа райы жақсарғаннан кейін рейстерге Алматыға ұшуға рұқсат берілді.

Air Astana әуекомпаниясы ақпараты бойынша, 9 маусымда Air Astana және FlyArystan үш рейсі Алматыдағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты қосалқы әуеайлақтарға қонды.

"Air Astana КС 952 Нұр-Сұлтан - Алматы рейсі Шымкентте, FlyArystan КС 7134 Павлодар - Алматы рейсі Нұр-Сұлтанда, ал КС 7152 Семей - Алматы рейсі Бішкекте қонды. Кейін барлық үш рейс Алматыға келді", - деді компания өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети