08 сәуір 2019 09:48

Алматыда жоғалған қыздың денесін арық түбінен іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анастасия Галеева. © Facebook Анастасия Галеева. © Facebook

Алматы облысында полиция қызметкерлері іс-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы Анастасия Галееваны ірі ауқымда іздеу жұмыстарын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында полиция қызметкерлері іс-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы Анастасия Галееваны ірі ауқымда іздеу жұмыстарын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алматы тұрғыны Анастасия Галеева 9 ақпанда Талғар ауданында тұратын құрбысына кетіп, сол күйі жоғалып кеткен. Бірнеше күннен соң қыздың туыстары жергілікті полицияға барып, қыздың жоғалып кеткенін айтқан. Анастасияны іздеуге тәртіп сақшылары мен туыстары ғана емес, еріктілер мен Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі (ҚКК) де қосылған. 

Бүгінге дейін іздеу жұмыстары еш кетті. 

Іздеу шарасы барысында полиция қызметкерлері бірнеше нұсқаны қарастырған, оның ішінде қыз қаза тапты деген нұсқа да бар. 

"Полицейлер үлкен жұмыс атқарды. Қажетті күшті тарттырған соң аймақтар тексеріліп, іс-түссіз жоғалған қыздың барлық байланыстары қаралды. Оның өлімі туралы нұсқа да тексеріліп жатыр. Сүңгуірлер су қоймасының түбін бірнеше рет қарап шықты. Кеше ауа-райына қарамастан полицейлер, ТЖД қызметкерлері мен сүңгуірлер арық түбін, оның шлюздері мен жағалауларын тексерді. Қазір іздеу шаралары жалғасып жатыр", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 


Фото: Алматы облысының полиция департаменті

Ведомствоның мәлімдеуінше, Анастасияны іздеуге Талғар ауданының полициясымен қатар, облыстың қылмыстық іздеу бөлімінің жедел қызметкерлері де кіріскен. Қазір іздеу шараларын Департамент басшылығы өз бақылауына алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети