22 қыркүйек 2016 09:55

Алматыда жол апатынан көлігі мүжіліп кеткен жүргізуші аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Территория происшествий" бағдарламасы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Volkswagen жүргізушісі жол апатынан таңғаларлық жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда Volkswagen жүргізушісі жол апатынан таңғаларлық жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты әл-Фараби даңғылының бойында, Esentai Mall сауда орталығына қарама-қарсы жерде болған. Volkswagen маркалы автокөлік даңғылдың бойымен батыс бағытта жүріп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, авто жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, асқан жылдамдықта екі бағананы және жолды бөліп тұратын темір қоршаудың бесеуін құлатқан. 

Жол-көлік оқиғасынан автомобиль қатты бүлінген, оның артқы дөңгелектері бөлініп қалған. Соққының қатты болғаны сондай, автокөліктің жүксалғышынан басқа бір көліктің моторы қарсы жолға ұшып кеткен. 

Жол апатынан Volkswagen жүргізушісі зардап шеккен, ол ауруханаға жеткізілді.


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети