Алматыда жол-көлік оқиғасынан жүкті әйел қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда жол-көлік оқиғасынан жүкті әйел қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 9 наурызда болды. Куәгерлердің айтуынша, Тoyota Land Cruiser көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытқа қарай аса жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатқан. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі темір тұлпарын ашулы күйде басқарып, жолдағы өзге көліктерге тақалып, оларға сигнал берген. Оң жаққа бұрылып кезекті көліктің алдына шықпақшы болған кезде Toyota-ның жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Жол талғамайтын көлік ол жерде Nissan Cefiro мен жүк көлігіне соғылды. Жүк көлігі соқтығыстан кейін жолдың жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылды.
Жол-көлік оқиғасынан Nissan Cefiro автокөлігінің жолаушысы - жүкті әйел қаза тапты. Ал жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Toyota Land Cruiser көлігін басқарған адам оқиға орнынан қашып кетті.
Еске сала кетейік, 2015 жылы қаңтарда Алматыда болған жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шеккен болатын. Жол апаты Оспанов көшесіне жетпей Достық даңғылында болды. Куәгерлердің айтуынша, даңғылмен оңтүстік бағытта қозғалған Mercedes автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, бағанаға соғылды. Көліктегі алты адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлер Mercedes жүргізушісінің мас болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.