Алматыда жолаушылардан соққы жеген автобус жүргізушісі көзінен айырылды. Ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды КТК.
Алматыда жолаушылардан соққы жеген автобус жүргізушісі көзінен айырылды. Ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды КТК.
Еске сала кетейік, оқиға 8 ақпанда Абдуллин және Қазыбек би көшелерінің қиылысында болған еді. Іс материалындағы мәліметке сүйенсек, белгісіз екі жолаушы №13 бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісін соққыға жыққан. "Барлығы аздаған уақыт ішінде болды. Олар мені бірнеше рет ұрды, әр соққысы алдыңғысынан күштірек болды. Кейін қашып кетті, мен болсам автобус салонында құлап қалдым. Жүргізуші орындығына дейін әрең жетіп, кейін есімді жоғалттым", - дейді 56 жастағы жүргізуші Қалдыбек Байтаманов.
Жүргізуші автобус салонында есін жимастан шамамен екі сағаттай жатқан. Қан болған жүргізушіні автопарк диспетчері тауып алыпты. "Сол көзі түк көрмейді. Оң көзінің көруі нашарлаған. Бас сүйегі жарақаттанып, миы шайқалған. Көзінің айналасындағы сүйегінің, мұрнының да сынған жерлері бар. Ертең операция жасап, оң көзін мүмкіндігінше емдеп алуға тырысамыз. Ал сол жақ көзі сол күйі көрмей қалуы мүмкін", - деді микрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Лариса Николайчук.
Полицейлер жүргізушіні соққыға жыққан жолаушылардың аты-жөнін анықтады. "Жақын арада сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, жүргізушінің қаншалықты ауыр жарақат алғаны анықталады", - деді Алматы ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.