09 ақпан 2016 14:08

Алматыда автобус жолаушылары жүргізушіні соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тopic.t30p.ru © Тopic.t30p.ru

Алматы полициясы жүргізушіні соққыға жыққан жолаушылардың аты-жөнін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полициясы жүргізушіні соққыға жыққан жолаушылардың аты-жөнін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға 8 ақпан күні Абдуллин және Қазыбек би көшелерінің қиылысында болған. Іс материалындағы мәліметке сүйенсек, белгісіз екі жолаушы №13 бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісін соққыға жыққан.

"Оқиға туралы хабарлама ІІД Жедел басқару орталығына Жедел жәрдем станциясынан түсті. (...) Жүргізуіші автобус салонынан соққыға жығылған күйінде табылды. Оны жолақы төлегісі келмеген белгісіз екі жолаушы ұрып кеткен. (...) Бұл дерек Медеу аудандық Ішкі істер басқармасында "Бұзақылық" бабына бойынша тіркеуге алынды. Шабуыл жасағандардың аты-жөні анықталды", - деді ІІД өкілі Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, жақын арада сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, жүргізушінің қаншалықты ауыр жарақат алғаны анықталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети