10 шілде 2017 14:58

Алматыда жүк көлігі аударылып, жаяу жүргінші ауыр жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Таяуда Алматыда аударылған жүк көлігінен құлаған металл құбырлар 24 жастағы қыздың үстіне түскен болатын. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыз балаға ота жасалады екен. 

"Ауруханаға түскен кезде қыздың жағдайы ауыр деп бағаланды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа деңгейде. Ол № 4 клиникалық ауруханасының полижарақат бөлімінде жатыр. Оның шат сүйегі мен құйымшағы сынған, жедел ем көрсетуге дайындалып жатыр. Ота жасалады", - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Еске салайық, 7 шілдеде Солтүстік айналма жолда жол-көлік оқиғасы болды. Жолдың қиылысқан жерінде жүк көлігі бұрылған сәтте тіркемесі аударылып, ауыр құбырлар түсе бастаған. Осы кезде қыз балаға құбыр тиіп, ол ұшып кеткен. Электр бағанының арқасында қыз бала аман қалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети