01 наурыз 2021 17:07

Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті: жүздеген үй жылу мен ыстық сусыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жер астына түсіп кеткен жүк көлігі алматылықтарды жылусыз қалдырды. Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жер астына түсіп кеткен жүк көлігі алматылықтарды жылусыз қалдырды. Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сағат 13 шамасында құм-қиыршықтас қоспасы тиелген салмағы 27 тонна КамАЗ пәтерлердің жылу камерасы орналасқан аумаққа кірген.

"Өте үлкен салмаққа есептелмеген оның беті бірнеше тонналық жүк көлігін көтере алмады. Диаметрі 500 миллиметр құбыр зақымданды, 336 көппәтерлі тұрғын үй, 86 жеке тұрғын үй, 9 денсаулық сақтау нысаны, 10 балабақша мен 6 білім беру нысаны жылудан уақытша ажыратылды.

"Алматы жылу желілері" ЖШС жөндеу бригадалары жүргізетін авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына кәсіпорынның 18 маманы мен 4 дана мамандандырылған техника жұмылды", - деп хабарлады Алматы қаласының жылу электр кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин.

Жылу мен ыстық суды 1 наурызда түнгі сағат 23-ке қарай қайта қосу жоспарланып отыр. Қазір Алматы қаласының Медеу ауданы Қазыбаев - Назарбаев - Достық - Тайманов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар уақытша ыстық су мен жылусыз қалды.

Инженерлер жылу магистралі сегментінің зақымдануы басқа тұтынушыларға жеткізілетін жылу энергиясының параметрлеріне және белгіленген секторда орналасқан ғимараттардағы температура режиміне әсер етпейді дейді.

Бұған дейін Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кеткені хабарланған болатын. Кадрлардан көліктің жартылай жерге кіріп кеткенін көруге болады
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети