23 мамыр 2022 15:45

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі қызды қағып өлтірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/kombaevazhanar Фото:facebook.com/kombaevazhanar

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Жанар Қомбаева есімді қолданушы Рысқұлов даңғылы мен Петров көшесі маңында болған қайғылы оқиға туралы айтты. Жүк көлігінің жүргізушісі экскурсиядан кейін үйіне бара жатқан жас мұғалімді қағып кеткен.

"Жүк көлігінің айналып өтетіндей мүмкіндігі болды. Бірақ көлік қызды жоғары жылдамдықпен қағып кетіп, өткелден үш метр қашықтыққа лақтырып жіберді. Бірнеше сағат бойы дәрігерлер қыздың өмірі үшін күресті, алайда алған жарақаттары ауыр болды", - деді Жанар.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі жол апаты 21 мамырда сағат 22:30-да болғанын айты. ГАЗ-53 жүргізушісі Ырысты көшесі бойымен Рысқұлов даңғылының солтүстік бағытына келе жатып, 46/6 үйге қарама-қарсы батыс бағытта жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 1995 жылы туған жәбірленуші №7 қалалық ауруханада қайтыс болды.

Бұл дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу") бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ал жүргізуші Алматы ПД УҰИ-ға қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети