Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншіні қаққаннан кейін оқиға орнынан із жасырды

18 Шілде 2015, 09:26
0
Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншіні қаққаннан кейін оқиға орнынан із жасырды - ©СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасы
©СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасы. Белгісіз жүргізуші оқиға орнынан із жасырды.

Қайғылы оқиға таңғы уақытта Фурманов пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жолдан рұқсат етілмеген жерден өтпек болған, жүргізуші оны дер кезінде байқай алмай, қағып кеткен. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды.  

Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Еске салайық, 11 шілдеде Алматыда автобус тазалық жұмысымен айналысып жатқан әйелді қағып кеткен болатын. Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында "Жібек жолы" базарының маңында болды. Әйел алған жарақатынан қаза болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай