14 қыркүйек 2020 12:23

Алматыда кафе өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

14 қыркүйекке қараған түні Алматыда кафе өртеніп, өрт тұрғын үйдің төбесіне дейін жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


14 қыркүйекке қараған түні Алматыда кафе өртеніп, өрт тұрғын үйдің төбесіне дейін жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 1:15-те өрт туралы хабар келіп түскен. Осы уақытта Түрксіб ауданы Сүйінбай даңғылы, 567 мекенжайында орналасқан жазғы алаңы бар бірқабатты "Кахури" кафесінде өрт шыққаны анықталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

"Кафенің ішкі жағы ағаштан жасалған, бұл өрттің тез таралуына себеп болды. Жақын маңдағы үйлерді қорғау үшін шұғыл түрде оң және сол жағынан екі әскери бөлім құрылды. 

Кафеден 50 литр газ баллоны шығарылды. Осылайша өрт сөндірушілер жарылыс қаупінің алдын алды.

Өрт 24 минут ішінде сөндірілді, 465 шаршы метр аумақ өртенген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ол кезде кафе жабық болған",-деді Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети