16 қараша 2015 17:54

Алматыда қалың қардан құлаған ағаштар көліктерді басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © a-news.info Иллюстрациялық сурет © a-news.info

Алматыда қалың түскен қардың салдарынан 12 ағаш пен шамамен 20 бұтақ құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда қалың түскен қардың салдарынан 12 ағаш пен шамамен 20 бұтақ құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

Құлаған ағаштар мен бұтақтар төрт автокөлікті бүлдірді. "Ағаштар аула ішіндегі аумақтарға өсіп кеткен, оларға ПИК пен үй иелері жауапты", - деді әкімдіктегілер.

Шаһарда 15 қараша күні кешке жаңбыр жауып, қарға ұласқаны белгілі. Таңғы сағат 07.00-дегі жағдай бойынша, қалаға жауған қардың қалыңдығы 10-13 сантиметрге, ал таулы аймақтарда 35 сантиметрге дейін жетті. Қаладан барлығы 280 текше метр қар шығарылды. Қарды тазалау жұмыстарына 410 адам жұмылдырылды. Өндіріс базаларында қосымша 110 бірлік арнайы техниканың кезекшілігі ұйымдастырылды.

Бұған дейін Алматы әкімдігі Instagram желісіне қар тазалау жұмыстарының суреті мен видеосын жариялады. Әкімдіктің мәліметінше, таңертеңнен бастап қалада қар тазалайтын техникалар жұмысқа кірісті. Бұл күз мезгілі басталғалы бері түскен ең қалың қар. Әлеуметтік желі қолданушыларының хабарлауынша, мемлекеттік қызметтің белсенді жұмысына қарамастан қалада көлік кептелісі орнаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети