02 желтоқсан 2021 13:13

Алматыда қарсы бағыттағы жолға шыққан полиция көлігі видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Алматы облысы шекарасында қарсы жолақта келе жатқан полиция көлігі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы мен Алматы облысы шекарасында қарсы жолақта келе жатқан полиция көлігі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2 желтоқсанда таңертең Талғар тасжолы бойында Бесағаш ауылының маңында болған. Оқиға куәгері сағат 7.00 шамасында Mercedes жүргізушісі кептеліс кезінде қарсы жолаққа қалай шыққанын камераға түсіріп алған. Ол жүргізуші полиция формасында болғанын және көлік нөмірсіз болғанын айтты. Мұны әлеуметтік желіде жарияланған видеодан да байқауға болады.

Сондай-ақ, видео авторы жол ережесін өрескел бұзған полицей оның көлігін соғып кете жаздағанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

"Бүгін таңғы сағат 7.05-те алдымда қара түсті Mercedes көлігі келе жатқанын көрдім, оның жүргізушісі "кептелістен" қашып, қарсы жолаққа шыққан. Мен көліктің шамын жыпылықтатып жолымды босатуды ескерттім, ол да жарығын жаға бастады. 

Бірнеше секундтан кейін ол біраз жылдамдықпен келе жатқаны белгілі болды, мен оны қараңғыда және жарықтан байқамадым. Бір уақытта оның көлігі маған таяп кеп тоқтады, мен де жылдамдықты бәсеңдете бастадым және жолдың оң жақ шетіне бұрылдым. Ол да сол бағытқа бұрылып, жол жиегіне бір миллиметр қашықта, әрең тоқтадық", - деді оқиғаның куәгері Марс Үсенов.

Оның айтуынша, бұдан кейін Mercedes жүргізушісі көліктен түспей, салонынан оны өткізіп жіберуін қолымен көрсеткен.

"Ол қарсы бағытта тұрғанын ұмытса керек. Мен мән-жайды білу үшін көліктен түстім, ол артқа кетті. Мен видеоға түсіруді бастаған кезде ол қарсы жолаққа шығып қалаға қарай кетті. 25-30 жас шамасындағы жас жігіт. Тәртіп сақшыларынан осы жағдай қайталанбауы үшін шара қолдануды сұраймын", - деп қосты Үсенов.

Алматы полициясы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, видеоға Патрульдік полиция полкінің қызметкері түсіп қалған. Оның бірқатар өрескел жол қозғалысы ережесін бұзғаны айтылды.

"Қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша да қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Полицейдің әрекетін Алматы Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясы қарайды, әрі қарай шаралар қабылданады", - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети