Алматыда қаруланған ер адам полицейдің аяғын басып, қашып кетпек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қаруланған ер адам полицейдің аяғын басып, қашып кетпек болған Видео кадры

Алматыда қолына қару асынған ер адам полиция қызметкерінің аяғын басып, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бұған дейін бұл туралы Қазнет қолданушылары хабарлаған. "Полицейлер көліктерінен шығып, жүргізушіге барып соққының астына алды", деп жазды Facebook қолданушылары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқиға бүгін 8 сәуірде Алматыдағы Әуезов ауданында болған. Subaru маркалы көлігінің жүргізушісі Сайын көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, карантин уақытында қойылған бекеттер жақта полицейлердің айтқанына көнбей, бір қызметкердің аяғын көлігімен басып кеткен. 

Нәтижесінде ер адам Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында ұсталды. 1993 жылғы А. есімді адам ұсталды. Жедел-тергеу тобы ұсталған ер адамның көлігін тінту барысында қару барын анықтаған. Қарудың кімгетиесілі екені сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады. Одан бөлек, А. есімді ер адамда пышақ табылды. Ол жан-жағындағылар оның есі дұрыс емес деп есептейтінін айта берген. Ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Полиция департаментінің мәліметінше, соңғы кездері полиция қызметкерлеріне бағынбау дерегі көбейіп кеткен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети