14 сәуір 2020 16:47

Алматыда полицейдің аяғын басып кеткен ер адам деструктив ағым ұстанған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда полицейдің аяғын басып кеткен қаруланған ер адамның деструктив ағым ұстанғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда полицейдің аяғын басып кеткен қаруланған ер адамның деструктив ағым ұстанғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, бұл оқиға 8 сәуірде Әуезов ауданында болған еді. Subaru жүргізушісі полицейлердің талабына бағынбай, керісінше полиция қызметкерінің аяғын басып кеткен еді.

Кейінірек ер адам ұсталды. Полицейлердің айтуынша, ұсталған ер адам қасында жүрген адамдардың барлығы оны жынды деп санайтынын айтқан.

Осыған байланысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы ("Билік өкіліне бағынбау") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. 

Тергеу барысында ер адамның деструктив ағым ұстанатыны анықталды.

Ол бұл әрекетіне өкінетінін айтады.

"Жындарды қуамын, дуаны кетіремін, эзотерикалық проблемалардың барлығын шешемін. Осы жағдай үшін барлық қызметкерден кешірім сұраймын. Осылай болып қалды, оған себеп бар: мен күйзелісте жүрдім. Олардың жұмысын бағалаймын, олар өз жұмысын дұрыс атқарып жүр. Солардың арқасында біздің елде тәртіп орнаған", - дейді ұсталған ер адам.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети