15 мамыр 2023 17:25

Алматыда кәріз құдығының қақпағы ұшып, көліктің үстіне түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда кәріз құдығының қақпағы ауаға ұшып, тоқтап тұрған көліктің үстіне түскен. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда кәріз құдығының қақпағы ауаға ұшып, тоқтап тұрған көліктің үстіне түскен. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зақымдаған көліктің иесі редакцияның WhatsApp-нөміріне хабарласты. 31 жастағы Анастасия Конрадидің айтуынша, оқиға 10 мамырда түс ауа Сайын көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысында орналасқан Royal Petrol жанармай құю бекеті маңында болған.

"Қысым әсерінен кәріз құбырының қақпағы ауаға ұшып, көлігіме зақым келтірді, өтіп бара жатқан адамдардың айтуы бойынша, бұл жағдай жолдың қарсы бетінде, Сайын көшесі мен Рысқұлов қиылысында болған. Көлігім зақымданды. Шамасы, кәріз құбырларында газ жарылған сияқты, енді кім қалпына келтіреді? Мен білмеймін!" - деді ол.

Алматы тұрғынының күйеуі алдын ала сараптама жүргізгенін айтты. Ол 2009 жылы шыққан Subaru көлігін қалпына келтіру жұмыстарының құнын 800 000 нан 1000 000 теңгеге дейін бағалаған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қала әкімдігінің баспасөз қызметіне жүгінді. Кейін департамент "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны атынан жауап берді. Олар бұзылған көлікті қалпына келтіретіндерін айтты.

"10 мамырда кәріз желілеріне орнатылған жабық кәріз құдығынан ұшып кеткен қақпағының кесірінен Сайын даңғылында тұрған көлік зақымданды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы ішкі комиссия құрылды. Зақымдалған көлікті заңнамада белгіленген тәртіппен "Алматы су" МКК қалпына келтіреді", - деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети