1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды21 мамыр 2015, 15:52

 © Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, 22 мамырда қатты нөсердің салдарынан Алматы облысындағы кейбір өзендерде су тасу қаупі бар. "Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын, туристерді таулы аймақта саяхаттамауға, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында барлық қауіпсіздік шарасын қолдануға шақырамыз", - делінген ТЖД таратқан дауылға байланысты ескерту туралы хабарламада.

Осыған дейін, мамыр айында Қазақстанның бірқатар облысында күн суытатыны хабарланған болатын. 13 мамыра Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында дауылға байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер ауа температурасының 3 градусқа дейін төмендейтінін айтты. Сонымен қатар, Ақмола облысында да ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді деп күтілді. Тек оңтүстік өңірде ғана күн ашық болды. Сонымен қатар, синоптиктер 21-23 мамыр аралығында Батыс Сібірден келген циклон өзінің ықпалымен Қазақстан солтүстігінің жарты аймағын қамтитынын, соның әсірінен кей жерлерде қатты дауыл соғып, желдің екпіні секундына 30-32 метрге жететінін хабарлады.


Ресейде әскери ұшақ құлады