24 қараша 2014 12:17

Алматыда көліктердің жаппай соқтығысуына себепкер Toyota жүргізушісі қашып кетпек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ телеарнасының кадры ©СТВ телеарнасының кадры

Алматыда көліктердің жаппай соқтығысуына себепкер Toyota жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы.  


Алматыда көліктердің жаппай соқтығысуына себепкер Toyota жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы.  

Оқиға 21-нен 22 қарашаға қараған түні Амангелді мен Мақатаев көшелерінің қиылысында болды. Алматыдағы жол-көлік оқиғасында бес көлік түйісіп қалды. Toyota жүргізушісі Амангелді көшесінен оңтүстікке қарай бұрылып, KIA автокөлігіне соқтығысады, содан кейін тұрақта тұрған Mitsubishi көлігі мен микроавтобусты соғады. Бұдан кейін ол апат болған жерден қашып кеткісі келеді. Ол солға қарай дереу бұрады да Volkswagen көлігіне соқтығысады. Бұған қарамастан Toyota көлігінің жүргізушісі тоқтамай, оқиға орнына кетіп қалады.

Алматыда жол апатына себепкер болған жүргізуші Гоголь көшесіне дейін барып тоқтайды. Соған қарағанда көлігінің бір бөлшегі істен шыққан болуы мүмкін. Осыдан кейін жүргізуші мен оның жолаушысы жаяу қашады. Бірақ көлік салонында олармен бірге келе жатқан қыз қалып қояды. Оны көлік жүргізушілері ұстап алады. Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісінен алкоголь иісі шығып тұрды.

 

Айта кетейік, Алматыдағы ең атышулы жол апаттарының бірі - Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы. Оқиға 15 қарашада болды. 2018 жылға дейін көлік жүргізу құқынан айырылған ол қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, бір көлікпен соқтығысқан. Сот өкілдері оның апаттан кейін жолаушы орындығына ауысып отырғанын және көлік басқаруында болғанын мойындамағанын хабарлады. Ал оған дейін Мақсат Үсенов BMW X6 автокөлігімен "Целинный" кинотеатрының маңында алты адамды қағып кеткен болатын. Зардап шеккендердің біреуі қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети