14 қазан 2014 13:52

Алматыда көліктерге оқ атқандар іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Константин Холодов ©Константин Холодов

Алматыда автокөліктерге оқ атқандарды бұзақылығы үшін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атыс 14 қазан күні Алматыдағы "Ақсай" ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласында болды. Вандалдар атыс қаруынан оқ атып, тұраққа қойылған автокөліктерге зақым келтірген. 

Қалалық департамент мамандары күдіктілердің бәрінің кім екені анықталғанын хабарлады. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Оқиғаға қатысушыларды ұстау шаралары қолға алынды. Сонымен бірге, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұған дейін Алматыда үйлену тойы кезінде оқ атылған еді. Land Cruiser 100 автокөлігімен кетіп бара жатқан той кортежі мүшелерінің бірі аспанға жеті рет оқ атты. Күдіктінің кім екені бірден анықталып, ол сотқа шақыртылды. Ол "Елді мекенде оқ ату" және "Ұсақ бұзақылық" баптары бойынша жазаланды. "Заңбұзушылығы үшін 3 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 10 тәулікке қамалды, сонымен қатар, қаруы тәркіленді", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Айта кетейік, ер адам өз атына тіркелген газ тапаншасынан оқ атқан, қаруы бос патрондармен оқталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети