23 маусым 2016 12:25

Алматыда кондуктор жолаушыны пышақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook / Shinar Alban © Facebook / Shinar Alban

Алматыда кондуктор жолаушыны пышақтаған, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда кондуктор жолаушыны пышақтаған, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook қолданушысы Shinar Alban өз парақшасында оқиғаның суреттерін жария етті. Оның айтуынша, оқиға 22 маусымда кешкі уақытта № 303 автобусында болған. "Қазіргі сəттегі жүрек түршігірлік оқиғаны түсіріп жазбасқа болмады. Арзан сауда орынын алдындағы сəтке куа болдым. 303 маршрутканын кондукторы жолаушының ақшам жоқ деген сөзіне бола пышақтап тастады. Онымен қоймай 6 бала жабылып тепкінін астына алды. Қасиетті рамазан айында бұндай нəрселерді көрем деп ойламаппын. Адамдар 80т үшін бір бірін қырып тастайтындай не болған. Не сұмдық? Қазақшылдығымыз, бауырмашылығымыз қайда кеткен?! Алла Өзін жара бола гөр!!!!", - деп жазды қолданушы.

ІІД өкілдері оқиғаны растап отыр. "Екі жолаушы мен кондуктордың арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде кондуктор жолаушылардың бірінің аяғына пышақ жарақатын салған. Жәбірленушіге жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында ем көрсетті, ол ауруханаға бармады. Бұл дерек "Денсаулыққа қасақана орта деңгейде зиян келтiру" бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрде тіркелді. Іс "Бұзақылық" бабына ауыстырылуы да мүмкін. Екі тараптан да қазіргі уақытта жауап алынып жатыр. Қазіргі уаытта кондукторға сотқа дейінгі тергеу кезеңіне бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


© Facebook / Shinar Alban

№303 бағытындағы автобустың иесі "Қаскелең автобус паркі" ЖШС өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети