05 сәуір 2018 18:14

Алматыда көпқабатты үйде шыққан өрттің салдарынан 300 адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыдағы "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйде шыққан өрт салдарынан 300 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыдағы "Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйде шыққан өрт салдарынан 300 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

16:03-те Алматы ТЖД" "101" пультіне Жетісу ауданы, "Көкжиек", 32-үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру қызметінің бірігщі бригадасы 16:11-де келген. Ол кезде үйдің 1-5 қабат аралығындағы алдыңғы бөлігі өртеніп жатқан. Өрт аумағы - 1000 шаршы метр. 

"Үйдің шатыры да өртенген. Өрт сөндіру қызметкерлері екінші қайтара тағы да шақыртылған. Қазіргі уақытта Алматы қалалық Өрт сөндіру қызметінің 70-тен аса өрт сөндіруші мен екіден аса арнайы техника жұмылдырылған. 300 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ", - делінген ведомство хабарламасында. 

"Көкжиек" ықшамауданында көпқабатты үйде шыққан өрттің видеосы оқырманда редакцияға жіберіп жатыр. 


видео: Kris_p_Almaty

Еске сала кетейік, осыған дейін кеше, 5 сәуірде сағат 16:03-те Жетісу ауданындағы "Көкжиекте"  өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар эвакуация жүргізіп, өртті сөндіріп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады", - деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.


Видео авторы К. Шарипов 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети