21 қазан 2020 16:27

Алматыда көшеде белгісіз зат шашып жүрген ер адамның видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Көшеде белгісіз зат шашып жүрген ер адам алматылықтарды қорқытты. Ер адам Алатау ауданы Зерделі ықшамауданында видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көшеде белгісіз зат шашып жүрген ер адам алматылықтарды қорқытты. Ер адам Алатау ауданы Зерделі ықшамауданында видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Видеоның сипаттамасында мұның Алматы қаласының Алатау ауданында болып жатқаны айтылады.

Алматының Жасыл экономика басқармасы мен тұрғын үй қатынастары басқармасы қалада ешқандай дезинфекциялық және дезинсекциялық жұмыстар жүргізілмегенін айтады.

Ал Алматы полициясы департаментіндегілер видеодағы ер адамның іздестіріліп жатқанын айтты.

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тексеру шараларын Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізіпж атыр. 102 пультіне сигнал түспегенін атап өтеміз. Барлық жағдайды анықтап, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдаймыз", - деді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети