21 қазан 2019 20:29

Алматыда куәлігі жоқ жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда куәлігі жоқ жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz басылымына сілтеме жасап.


Алматыда куәлігі жоқ жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 19 қазанда Шұғыла ықшамауданында болған. 2012 жылы туған бала рұқсат етілмеген жерде жолдан өткісі келген, осы уақытта оны көлік қаққан. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілген.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қашып кеткен ер адам анықталып, ұсталды. Ол Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны, сақтандыру полисі мен міндетті техникалық байқаудан өтпегені анықталды", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бала қағып кеткен автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Наурызбай ауданының полиция басқармасы баланы қағу дерегін тергеп жатыр. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети