28 сәуір 2018 12:50

Алматыда қылмыстық топ құрған мұғалімдер мен әскерилер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© comms.com.ua © comms.com.ua

Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Бірінші арнаға" сілтеме жасап. 


Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Бірінші арнаға" сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметтері бойынша, бес адамнан құралған топ автокөлік ұрлау үшін арнайы қондырғы сатып алып, қаланың әр аумағынан ең қымбат дегендерін айдап әкетіп отырған. Ұрланған көліктерді Қордайға жеткізіп, ары қарай Қырғызстан асырып отырған. Осылайша, 4 айда олар он шақты көлікті қолды қылған. Соңғы рет жол талғамайтын көлікті ұрлап, сатпақ болған жерлерінде қолға түскен. Қазіргі кезде ұрланған көліктердің төртеуі ғана иелеріне қайтарылыпты. 

Мемлекеттік айыптауы күдіктілергеалты жыл сегіз айға соттауды сұраған. Ал айыпкерлер кінәларын мойындағанымен, сотта тағылған айыппен толық келіспеді. 

Сот үкімі бойынша, сотталкушылардың барлығы айыпты деп танылып, Медет Бахановқа 6 жыл сегіз ай, Бауыржан Құрымбаев, Әнуар Көпбосынов және Әділет Жылқыбаев 5 жылға және кепілмен босатылған Азамат Мақашев 1 жыл он айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. 

 Айта кетейік, қылмыстық топ құрамында бұрынғы педагогтар мен әскерилер бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети