Алматыда лифтте қамалып қалған балалар мен ересектер құтқарылды

01 Қыркүйек, 13:28
0
Алматыда лифтте қамалып қалған балалар мен ересектер құтқарылды - Сурет: Тұрар Қазанғапов
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Алматы құтқарушылары тұрып қалған лифттен бес адамды шығаруға көмектесті, олардың қатарында балалар да болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 тамызда шамамен кешкі тоғыз жарымда адамдар тоғыз қабатты тұрғын үйдің лифтінде қамалып қалған. Оқиға Атакент ықшам ауданында болған.

"Өртсөндірушілердің айтуынша, лифт кабинасындағы электр сымдары қысқа мерзімге тұйықталып қалды. Өрт болмады. Жабық лифтте көмек сұраған адамдар болған. Қолда бар құралдардың көмегімен 2 минут ішінде № 2 мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің қызметкерлері екінші қабатта тұрып қалған лифт кабинасын ашты. Құтқару операциясының нәтижесінде 5 жолаушы шығарылды, олардың ішінде 12, 8 және 2 жастағы балалар бар. Олармен 1974 және 1976 жылы туған ересектер болған", - деді Алматы ТЖД баспасөз қызметінде.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай