29 тамыз 2020 17:02

Алматыда мамандандырылған ХҚКО-дағы кезек үшін басшыларға сөгіс жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы кезек үшін басшыларға қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы кезек үшін басшыларға қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бұл факті бойынша өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны және мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бұзғаны үшін Алматы қаласы бойынша филиал басшылығы қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылатынын хабарлайды. Яғни филиал директорына, фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысына және №1 мамандандырылған бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Какие ещё автоцоны работают кто в курсе ? ?

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Сондай-ақ, 30-31 тамызда Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО Армениядан әкелінген автокөлікті тіркейтінін, жүргізуші куәлігін беру қызметін көрсетеді. Себебі, бұл қызмет түрлеріне сұраныс жоғары екен.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ның алдындағы ұзын-сонар кезектің фотосы мен видеосы тараған еді. Видеодан кезекте тұрған адамдардың арақашықтықты сақтамағанын, кейбірінің маска тақпағанын көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети