13 желтоқсан 2019 09:19

Алматыда мас жүргізуші Саин көшесінде ер адамды қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда мас жүргізуші Саин көшесінде ер адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда мас жүргізуші Саин көшесінде ер адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, күдікті қамауға алынды. Жол-көлік оқиғасы 11 желтоқсанға қараған түні Саин мен Торайғыров көшелерінің қиылысында болған. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") тергеу жүріп жатыр. Жүргізушінің 1988 жылғы екені және мас күйде көлік жүргізгені анықталған.

"Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында. Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Сотқа дейінгі тергеу барысында қажетті сараптамалар тағайындалады", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.


© "Территория происшествий"

СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының мәліметінше, Honda жүргізушісі Саин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Белгісіз себептермен көлік тізгінін басқара алмай, жолдың шетіне ұшып кетіп, ер адамды қағып өлтірген. Салдарынан көлік аударылып, ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети