29 наурыз 2022 15:04

Алматыда мас жүргізушінің кесірінен бес көлік соқтығысты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мас жүгізуші жаппай жол апатына себепші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда мас жүгізуші жаппай жол апатына себепші болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде болған жол апатының видеосы пайда болды. Жазба сипаттамасында Әл-Фараби даңғылы мен Садықов көшесі маңында мас жүргізушінің кінәсінен бес көлік соқтығысқаны жазылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.original

Алматы полициясы бұл ақпаратты растады. 28 наурызда Toyota Highlander көлігінің мас күйдегі жүргізушісі батыс бағытта Саин көшесінде келе жатып, арақашықтықты сақтамай Toyota Corolla көлігімен соқтығысқан.

"Соқтығыстан кейін Toyota Highlander автокөлігі Skoda маркалы автокөлікке соқтығысты. Ал Toyota Corolla автокөлігі инерция бойынша Kia Rio көлігін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы жарақат алды", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Мас жүргізуші Бостандық аудандық полициясына жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети