17 қараша 2019 12:19

Алматыда мас күйде көлік тізгіндеген әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті

Камила Долаева Журналист
Сурет: "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда мас күйде көлік тізгіндеген әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мас күйде көлік тізгіндеген әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы MEGA Alma-Ata СОО-ға қарама-қарсы жолда болған. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Көлік тізгінінде 1992 жылғы әйел отырған. Болжам бойынша, ол ұйықтап кетіп, көлік жол жиегіне шығып кеткен де, сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіреберісте жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Реклама
Реклама

Оқиға салдарынан жүргізуші жеңіл жарақат алды, ал жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

Медициналық тексерістен кейін әйелдің мас болғаны анықталды. 


Суреттер: "Территория происшествий" бағдарламасынан 

Қайтыс болған ер адамның құжаттары болмаған, сондықтан оның кім екені әлі анықталып жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram