02 қараша 2023 15:28

Алматыда мопед жүргізушісі балалар арбасын қағып кеткен: сәбидің жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz оқырманына Tengrinews.kz оқырманына

Алматыда мопед жүргізушісі арбада отырған баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан үш жасар қыз зардап шеккен. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда мопед жүргізушісі арбада отырған баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан үш жасар қыз зардап шеккен. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2020 жылы туған бала 1 қарашада Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген.

"Бала бас-ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Миы шайқалған. Сол жақ самай аймағы, сол жақ маңдай-жақ аймағы көгерген", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа ауыр, тұрақты.

Еске салайық, жол апаты 1 қарашада кешке Сәтбаев пен Брусиловский көшелерінің қиылысында болған. Велосипед жолымен келе жатқан мопед жүргізушісі балалар арбасын қағып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети