19 маусым 2015 15:10

Алматыда өрт шықты: Асханадан 50 адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматы қаласында Абай даңғылы мен Құрманғазы көшесінің ортасында орналасқан Масанчи көшесінің бойындағы асханада өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды. Өрт 80 шаршы метр аумақты шалды. , - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт асхананың ас дайындау бөлмесінде шыққан.

Оқиға орнында өрт сөндіру техникасының төрт данасы жұмыс істеп жатыр. Сөндіру кезінде квартал толықтай қоршауға алынды, алайда қазіргі уақытта ол ашық. Тілсіз жау ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Еске салайық, осыған дейін Алматы қаласындағы Сәтбаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында "Қағанат" асханасында өрт шыққаны хабарланған болатын. Асханаға келушілердің айтуынша, өрт 14.20 шамасында дәретханаға жақын жерде шықты. Бұл уақытта ғимаратта шамамен 150 адам болды. Олардың барлығы эвакуацияланды. Асхана территориясы қоршауға алынды. Тілсіз жауды ауыздықтауға бес өрт сөндіру техникасы жұмылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети