17 қаңтар 2024 10:01

Алматыда ортақ ауланы иемденіп алған жүргізушілер тұрғындарды ашуландырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kris__p__almaty Фото: instagram.com/kris__p__almaty

Алматыда көпқабатты үйлердің тұрғындары аулада жеке автотұрақ жасап, темір кедергі орнатып алатын көршілерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда көпқабатты үйлердің тұрғындары аулада жеке автотұрақ жасап, темір кедергі орнатып алатын көршілерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде көпқабатты үйлер маңындағы жер телімдерін басып алу бойынша шағымдар көбейді. Осылайша, Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі көлік иелері ортақ аула аумағынан "жеке орын бөліп алғанын" көрсетті. Ол тұрғындар көлік қоятын орнға темір кедергі орнатып алғанын көрсетіп, кадрлар жариялады. Үндеу авторының айтуынша, бұл жағдай Сүйінбай даңғылындағы үйлердің бірінде.

"Қазір полицейлер дәрменсіз. Көршілердің үстінен арыз жаздық. Полиция келді. Көлік иелерінің айтуынша, олар полициямен мәселені "шешіп", заңсыз орнатылған темірлерін жауып қойып отыр", - делінген жазбада.

Күні кеше қаланың бас полицейі Арыстанғани Заппаров осы тақырыпта жазба жариялады. "Білу пайдалы" бөлімінде қоғамдық орындарда рұқсатсыз қоршау орнатқаны үшін 369 200 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін екені айтылған.

"Әкімшілік кодекстің 505-бабы "Қаланы абаттандыру, инфрақұрылымды бұзу, жасыл желектерді жою және бүлдіру қағидаларын бұзу" 20-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - деп жазды ол.

Бұған дейін тәртіп сақшылары автотұрақтарды қолдан қоршап алу негізінен заңсыз екенін айтқан болатын. Қоғамдық орындарда арнайы көліктердің жүруіне кедергі келтіретін конструктор орнатуға тыйым салынады. Дегенмен, ерекше жағдайлар бар. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети