17 сәуір 2014 15:03

Алматыда пәтер өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ телеарнасының кадры ©СТВ телеарнасының кадры

Алматыда Төле би мен Тілендиев көшесінің қиылысындағы 10 қабатты 282-үйдің 8-қабатындағы бір пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территории происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда Төле би мен Тілендиев көшесінің қиылысындағы 10 қабатты 282-үйдің 8-қабатындағы бір пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территории происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметкерлері көрші пәтерлердегі сегіз баланы қауіпсіз жерге көшірген. Олар балконда отырған. Құтқарушылар балаларды сол жерден алып түскен. Қазіргі таңда өртке жақын орналасқан өзге пәтерлердегі адамдарды қауіпсіз жерге көшіру  басталды. Алдына ала берілген мәлімет бойынша, тілсіз жау басталған кезде пәтерде екі адам болған. Олардың тағдыры туралы ешқандай ақпарат берілген жоқ. Болжам бойынша, жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт толығымен сөндірілді.

Еске сала кетейік, 16 сәуірде өрттің салдарынан Алматының Жетісу ауданында ер адам қаза тапқан болатын. Оқиға Ломоносов көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйде болған. Өрт соңғы қабаттағы пәтерден шыққан. Ғимарат ішіндегі 40 адам (оның ішінде бір бала бар) құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілген.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети