05 маусым 2023 12:48

Алматыда полицей әріптесін абайсызда атып өлтірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде полицей әріптесін абайсызда атып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде полицей әріптесін абайсызда атып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, оқты 28 жастағы сержант атқан. Олар жәбірленушімен тамақтанатын бөлмеде болған. Оқ ПМ қызметтік қаруынан атылған. Қызметкер алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында жанжал болмаған - олар сөйлесіп отырған.

Tengrinews.kz редакциясы бұл ақпаратты растау үшін Алматы ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомство бұл ақпаратты растады.

"Алматы қаласы ПД 5 маусымда полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды.

Дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети