04 қыркүйек 2019 16:36

Алматыда полицейлер әйел адамды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда полицейлер қағып кеткен әйел жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда полицейлер қағып кеткен әйел жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматыда полиция көлігі 71 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Брусиловский көшесінің бойында, "Тастақ" базарына жақын маңда болды.

"Науқасты жедел жәрдем бригадасы жедел жәрдем ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Диагнозы: жабық бас сүйек-ми жарақаты, миы шайқалған, басынан қатты соққы алған, сол жақ иығы мен тірсегі сынған. Жағдайы ауыр", - деді дәрігерлер.

Куәгерлердің айтуынша, рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан егде жастағы әйел апат салдарынан зардап шекті. Ол әр түрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем алып кетті.


© Tengrinews.kz

Instagram желісіндегі @kris.p.almaty пабликте оқиғаның видеосы жарияланды.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.

"Бұл ЖКО бүгін сағат 9.45-те Алмалы ауданында болды. Жеке басы әлі анықталмаған әйел Төле би даңғылын кесіп өтпекші болған. Ол жол бойында тұрған автобустан айналып шыға бергенде, Hyundai маркалы полиция автокөлігіқаққан. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді", - деді полиция департаментінің өкілдері.

Сондай-ақ, жол-патрульдік полициясының экипажы қызметтік міндеттерін атқарып жүрген.

Алматыда қыркүйектің 3-нен 4-не қараған түні полицейлердің қатысуымен тағы бір жол апаты болды. Ешқашан жүргізушілік куәлігі болмаған көлік тізгініндегі адам жол-көлік оқиғасы болуына себепші болды.


© @kris.p.almaty

"Түнгі 3.10-да 1987 жылғы Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі көлік жүргізуге рұқсат беретін куәлігінсіз Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан. Мақатаев көшесінің қиылысына жеткен уақытта ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, басқа бір көлікпен соқтығысқан. Біріншісі - Toyota Corolla. Екіншісі - Hyundai. 1995 жылғы Hyundai жүргізушісі мен оның жолаушысы жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері болып табылады. Қақтығыс нәтижесінде олар жарақат алды. Аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлерімен өндіріске алынды", - деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети