14 тамыз 2018 16:51

Алматыда студентті өлтірді деген күдікті ұсталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©lentaregion.ru ©lentaregion.ru

Алматыда студентті өлтіріп кетті деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда студентті өлтіріп кетті деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

18 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты Әуезов аудандық ішкі істер департаментінің полиция басқармасында қылмыс белгілері бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр. 

"Қылмыс жасады деген күдікті А. ұсталып, ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. А. 2002 жылы туған. Ол кінәсін мойындады", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар, жедел тергеу тобы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау үшін жедел шаралар кешенін жүргізіп жатқаны айтылады. Тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

Мұның алдында Алматыда "Ақсай" университет клиникасы бас дәрігерінің орынбасарының ұлын өлтіріп кетті деп хабарланған. Қазақ ұлттық медицина университетінің ресми парақшасында жігіттің жақындарына көніл айтылып, хабарлама жарияланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети