Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда су тасқынына байланысты ескерту жарияланды 07 сәуір 2014, 14:23

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©ҚР ТЖМ ©ҚР ТЖМ

Алматыда су тасқынына байланысты төтенше ескерту жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК-ден 07.04.2014 күні түскен дауылдық ескертуді негізге алғанда толассыз жауын-шашынның салдарынан бүгін және 8 сәуірде Алматы облысының аласа таулы өңірлерінде тасқын болуы және төмендегі учаскелерді су басуы мүмкін", - делінген хабарламада. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Ал Ақмола облысында 7-9 сәуір аралығында желдің күшейетіні туралы ескерту берілді. Астанада оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Синоптиктердің мәліметінше, қазір Қазақстанның барлық аумағында желдің күшеюімен байланысты құбылмалы ауа райы байқалып отыр. Солтүстік пен оңтүстікте де дауылдық ескерту жарияланды - апта соңына дейін өңірлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

 

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті