Алматыда тағы бір жеткізу қызметінің курьерлері ереуілге шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 330 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда тағы бір жеткізу қызметінің курьерлері ереуілге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тағы бір жеткізу қызметінің курьерлері ереуілге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жолы Glovo жеткізу қызметінің курьерлері наразылыққа шыққан. Олар 7 шілдеде түстен кейін компания кеңселерінің бірінің алдына жиналған. Алайда олармен келіссөз жүргізуге ешкім шықпаған. Ғимарат алдына 50-ге жуық адам жиналды.

Бұдан кейін олар "Нұрлы-Тау" бизнес орталығындағы бас кеңсеге баруды ұйғарған. Олардың айтуынша, компания басшылығына шағымдары бар. Олар платформаға қосылу шарттары, маршруттарды оңтайландыру, бонустар мен қосымша төлемдерді және басқа мәселені талқылағысы келген. Алайда ол жерде де компания менеджерлері кездесуге шықпаған.

Бұдан кейін мопедтегі ондаған курьер қалалық әкімдік ғимаратына бет алған. Тимирязев пен Желтоқсан көшелері қиылысында курьерлер жолды жауып, басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірген.

Glovo компаниясының өкілдері курьерлер ереуіліне қатысты өз ұстанымын айтты.

"Glovo компаниясының бүкіл әлем бойынша серіктестік режимінде жұмыс істеуді көздейтін бірыңғай бизнес-моделі бар. Курьерлер, Glovo серіктестері платформаға қосылу кезеңінде сағат, күн және орын бойынша жұмыс режимін таңдайды, яғни олар жұмыс уақыты мен күндерін өздері реттейді.

Бұл ретте жолдарда тосын жағдай тудырмау және артық жұмыс істеуді болдырмау үшін жұмыс күніне 10 сағатқа дейінгі қауіпсіз режим белгіленген. Компания курьерлерге жеке қауіпсіздік және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша тренингтер өткізеді", - деді Glovo өкілі.

Курьердің негізгі кірісі - арақашықтық пен күту уақыты үшін төлем, бонустардан тұрады. Орындалған тапсырыстар үшін сағаттық бонустар мөлшері жақын арада ұлғайтылуы мүмкін. Алайда базалық төлем өзгеріссіз қалады, дейді компания өкілі.

"Сондай-ақ, норма бойынша тоғыз келіден асатын тапсырыстар үшін бонустар жүйесі бар. 9-12 келі салмақ үшін бонустардың 10 пайызы, 12-15 келі үшін - 15 пайыз, 15-20 келі үшін - бонустардың 20 пайызы беріледі. Егер курьер келіспесе, онда тапсырыс бөлінеді. Барлық тапсырыста салмақты бақылау мүмкін емес, сондықтан мұндай жағдайларда курьер қолдау қызметіне хабарласуы керек. Курьерлердің тапсырыстарды күту уақытын қысқартуға қатысты ұсыныстары және бағыттарды оңтайландыру бойынша өтініш кездесуге дейін серіктестерге, мейрамханаларға, сондай-ақ техникалық қызметке берілді", - деді Glovo өкілі.

Айта кетейік, мамырдың ортасында Алматыда 50-ге жуық Wolt курьері ереуілге шыққан болатын. Олар басшылық қызметкерлер санын арттырып, жалақыны қысқартқанын айтып шағымданған болатын. Бір аптадан кейін 40-қа жуық курьер Wolt-тегі парақшасы бұғатталғанын мәлім етті. Осыған байланысты қызметкерлер қайтадан кеңсе алдына жиналды. Алайда кейін компанияның өзі жағдайға түсінік берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
28°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю