25 наурыз 2014 09:46

Алматыда теміржол қызметкерін пойыз басып кетті

©Ярослав Радловский

Алматыда бір әйел жолаушылар пойызының астына түсіп қалып, қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 24 наурыз күні сағат 23.15-те Алматы-1 теміржол станциясындағы есепке алу паркі аумағында болды. Парк кезекшісі болып жұмыс істейтін 1962 жылы туған әйел абайсызда тұйық тұраққа қойылғалы жатқан Алматы - Маңғышлақ бағытындағы №377 жолаушылар пойызының астына түсіп қалған. Әйел сол жерде жан тапсырды. Еске сала кетейік, наурыз айының басында осындай төтенше оқиға Қызылорда облысында болған еді. Белкөл және Қызылорда станцияларының арасында 16 жастағы жасөспірімді Алматы - Ақтөбе бағытындағы №23 жолаушылар пойызы басып кеткен болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram