15 тамыз 2016 12:09

Алматыда терезелері қараңғыланған номерсіз Porsche той кортежіне шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД © Алматы қалалық ІІД

ӘПБ-ның мамандандырылған батальоны қызметкерлері той кортежінде жүріп, жол қозғалысы ережелерін бұзған Porsche Cayenne жүргізушісін жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД-нің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


ӘПБ-ның мамандандырылған батальоны қызметкерлері той кортежінде жүріп, жол қозғалысы ережелерін бұзған Porsche Cayenne жүргізушісін жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД-нің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Той кортежінде қала ішінде Porsche Cayenne жүргізушісі терезелерін қараңғылап, мемлекеттік тіркеу номерінсіз автокөлікті жүргізген. "Тексеріс кезінде, екі мемлекеттік тіркеу номері көліктің багажында болған. Осы екі заң бұзушылық үшін Porsche жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ІІД өкілдері.

Сонымен қатар, Алматы қаласының полициясы той кортежінде жүрген жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады. Соңғы кездері қала тұрғындары жол қозғалысын көп бұзатын той кортежі жүргізушілеріне шағымданған. Әсіресе демалыс күндері. Жолдың қарама-қарсы бағытына шығу, бағдаршамның қызыл түсіне өту, маневр жасауда ережелерді бұзу, апатты жағдай туғызу, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу, жылдамдықты асыру, тұраққа қою ережесін бұзу, бұзақылық - осының барлығы әкімшілік және қылмыстық заң бұзушылық болып саналады, соған қарамастан қаладағы той кортждерінің екіден бірі осы ережелерді бұзады", - деді Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков.

Оның айтуынша, той кортеждеріне қарсы жергілікті рейдтер жалғасады. "Тек қана қаланың үлкен көшелері емес, басқа да кіші көшелерде той кортежінде жүретін жол ережесін бұзушыларға қарсы жұмыстар жалғасады. Ең бастысы олар осындай әрекетімен басқа қала тұрғындарына қиындық туғызады. Біреулердің қуанышы басқа адамдардың мазасына тимеуі керек және өміріне қауіп тудырмауы тиіс", - деді Алмасбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети