29 қыркүйек 2014 11:27

Алматыда төбелес шығармақ болған жанкүйерлер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның стоп кадры. ©vk.com Видеоның стоп кадры. ©vk.com

Алматыда Әуезов театры алдындағы төбелеске қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Қақтығыс кеше, 28 қыркүйек күні болған еді. Полицейлер дер кезінде жаппай төбелестің алдын алды.

Жанжалдан кейін Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына 40-қа жуық адам жеткізілді. "Жол-патруль полициясының экипажы және Абай даңғылында қызмет атқаратын полицияның кешенді күштері сағат 17.00 шамасында футбол клубтары жанкүйерлері арасында төбелес туғызудың алдын алды. Жанжалдың белсенді қатысушылары "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұсталған басқа адамдарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Бұзақыларға әкімшілік тұтқындаудың не айыппұл салудың қайсысы қолданылғаны нақтыланған жоқ.

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер бар.

Еске сала кетейік, топшылау бойынша, жанжал "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтары жанкүйерлері арасында шыққан. Бұл уақытта Орталық стадионда екі команда арасындағы матч басталғалы жатқан еді. Айқайдың жаппай төбелеске ұласуы мүмкін болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети