Алматыда топырақ көшкіні жүрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда топырақ көшкіні жүрді Фото: Алматы ТЖД

16 сәуірде кешке Алматының Бостандық ауданында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


16 сәуірде кешке Алматының Бостандық ауданында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Редакцияға Ремизовка аумағында оқиға орнынан түсірілген видео жолданды. Автордың айтуынша, жоғарғы жолдағы топырақ төменгі жолға құлаған.

Алматы ТЖД мәліметінше, "Ремизовка" бау-бақша серіктестігі аумағындағы оқиға туралы хабарлама 112 желісіне сағат 18:10-да түскен. Оқиға орнына ТЖД, "Қазселденқорғау" ММ және қалалық құтқару қызметінің күштері шұғыл жіберілді.

Мамандар келген бойда мол жауын-шашын салдарынан топырақтың шектен тыс ылғалданып, көлемі шамамен 300 текше метр болатын топырақ массасының ішінара жылжуына (лай көшкіні) әкеп соққаны анықтады. Нәтижесінде бір ғимараттың шатыры зақымданды, зардап шеккендер жоқ.

Салдарды жоюға жеке құрамнан 40-қа жуық адам мен 10 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта комиссиялық тексеру жүргізіліп, учаскеде ТЖД мен Алматы полициясы қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

ТЖД ұсынымдары

Алматы ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады. Тұрғындарға герметикалық емес септиктерді, шұңқырларды және көше әжетханаларын пайдаланбаған жөн, өйткені бұл топырақтың қосымша ылғалдануына әкеп соғуы мүмкін.

Жеке үй иелері мен бау-бақша серіктестіктерінің басшыларына суару құбырларының, кәріз және дренаж жүйелерінің, сондай-ақ септиктердің жай-күйін бақылауда ұстау ұсынылады.

Сонымен қатар, учаскелерде судың жиналуына жол бермеу және нөсер мен еріген қар суының уақтылы бұрылуын қамтамасыз ету маңызды.

Мамандар бұл шараларды сақтау топырақ жылжуы қаупін азайтуға және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектесетінін атап өтті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.2   555.05   6.18 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер