Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда трамвай апаты кезінде жолаушыларды студент жігіт аман алып қалған

15 Қазан 2015, 22:31
1

Ауғанстандық студент Башарат хан Юсуори Алматыда 13 қазанда болған трамвай апаты кезінде жолаушыларды аман алып қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Еске салайық, жол апаты кешкі уақытта Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған еді. Оқиға кезінде трамвай салонында болған студент басқарусыз қалған көлікті тоқтатқан.

Оқиға былай болыпты: Трамвай тоқтағаннан кейін жүргізуші бірнеше ер адамнан көлікті итеріп жіберуді сұрапты. Салонда шамамен 40 жолаушы болған. Жүргізушінің кабинасына жақын жерге олар бір қызды арнайы қойыпты. Адамдар сырттан сол қызға көлікті итергеннен кейін бір батырманы басуына белгі беретін болып келісіпті. Бірақ олардың ойлағаны жүзеге аспайды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қыз бала басқа батырманы басып жіберген делінеді, трамвай осы уақытта қозғалып кетіп, рельстен шығып қалған. Жолаушылардың ішіндегі жастары көліктің жүріп бара жатқанында секіріп кетіпті, ал іште егде жастағы адамдар, балалар мен әйелдер қалып қойған. Осы кезде Башарат кабинадан шығып кетпей, адамдарды құтқарғысы келеді, себебі трамвай соғысып қала ма деп қорыққан екен. Жігіт жүргізуші отыратын орынға жүгіріп барып, оның кілттеніп қалғанын көреді. Бірақ жігіт есіктің терезесін шағып, стоп-кранды басып, көлікті тоқтатқан. Ал батырманы басуы тиіс болған қыздың трамвайдан бірінші болып секіргені айтылады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол ең ауыр жарақат алған жолаушы екен. 

Университет өкілдері өз студентінің ерлігі туралы алғыс айтқысы келген жолаушылардан біліпті. Ал жігіттің өзі бұл ісі жайлы ешкімге тіс жармапты. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Айқан Ақанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ғылыми кеңесте Башаратты "Университет мақтанышы" галереясына қосуға ұсыныс жасайтынын айтып берді. Ал бұл марапатқа бір жылда бір-екі адамнан ғана қосылады екен. Тізімде бес адам бар, олардың ішінде 7 қалалық аурухананың бас дәрігері Болатбек Баймаханов бар, ол Қазақстанда тұңғыш рет бауыр ауыстыру операциясын жасапты. Ақанов Башараттың Ауғанстаннан келген 200 студенттің бірі екенін айтты. Бұл студенттер ортаазиялық мемлекеттік көмек көрсету аясында ҚР бюджетінде грантпен оқиды екен. Жігіт оқуда үздік және волейболдан Университет Лигасының қатысушысы. Ақанов студенттерді өзінің қабылдағанын айтты. "Көптеген студент жергілікті жоғары оқу орындарында оқып жатқан еді, бірақ олар Қазақстанға келгісі келді. Башарат үздік студенттердің бірі. Ол университеттің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады, ол қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгерген. Оның қорқынышын басып, жүргізушісіз қалған трамвайда қалған ата-әжелер мен балаларды құтқарып, аяушылық білдіргені мақтанарлық жағдай. Башарат секіріп кете алар еді, бірақ адамдардың жағдайын ойлады. Меніңше, ол керемет дәрігер әрі жақсы адам болады. Ол өз халқының мақтанышы да болады деп есептеймін", - деді Ақанов. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 13 қазанында болған жол апатында 5 адам зардап шекті. Олардың төртеуі ауруханадан шығарылды, ал біреуі, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлердің қарауында. Оған бассүйек миының ашық жарақаты деген диагноз қойылған. Айта кетейік, осы оқиғадан бұрын, 2015 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыда трамвайдың қатысуымен тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы болған еді. Сол уақытта басқарусыз қалған трамвай Шевченко, Масанчи және Байтұрсынов көшелерінде бірнеше автомобильді соғып кеткен болатын. Зардап шеккендердің бірі әлі күнге дәрігерлердің қарауында жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай