Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылып, жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылып, жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болған оқиғаның видеосы мен суреттерін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Алматыэлектротранс" ЖШС мәліметінше, жол апаты 21 тамызда сағат шамамен 14.50-де Байзақов көшесінен кейін тұрған батыс бағыттағы Абай даңғылында болған.
"Троллейбус жүргізушісі өзін нараш сезініп, көлікті басқара алмай жерасты өткелінің қабырғасына соғылды. Аталған дерек ПД-да тіркелді, тексеру жүріп жатыр", - деп хабарлады "Алматыэлектротранс" өкілі.
Апаттан балалар да зардап шекті. Ольга Бражникова Facebook-те екі немересі жарақат алғанын жазды.
"6 жасар қыздың кеудесі көгерген, ерні жыртылған, кішісінің мұрны сынды. Жедел жәрдем күтпедік", - деп жазды Алматы тұрғыны.
Алматы ПД мәліметінше, оқиға салдарынан троллейбустың жеті жолаушысы зардап шекті, олар қаланың түрлі медициналық мекемесіне жеткізілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!