17 шілде 2017 17:51

Алматыда троллейбус жүргізушісі қоршауды соғып, жұмысшыны шөлмекпен ұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда троллейбус жүргізушісі жөнделетін жылу жолының алдына қойылған қоршауды соғып, оқиғаны видеоға түсірген жұмысшыны шөлмекпен ұрған, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда троллейбус жүргізушісі жөнделетін жылу жолының алдына қойылған қоршауды соғып, оқиғаны видеоға түсірген жұмысшыны шөлмекпен ұрған, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коммуналдық компанияның қызметкерлері жолды жауып қойды, меніңше, бұл дұрыс емес. Автобус жүргізушілері айналып өте алады. Жүргізушілер ұрысып жатты, бірақ айналып өте алды. Ал троллейбус қалай өтеді? Олар троллейбусты өткізбей қойды. Оның рейсі бар, белгіленген уақыты бар. Жүргізуші тоқтап тұра алмайды ғой. Артында 10 троллейбус жиналып қалса, олар кейін жарысады. Ол өтіп кететінін айтып, өтініш жасады. Бірақ өткізбеді. Сәйкесінше, осылайша істеуі керек болды. Әрине, біздің жүргізушінің ісі дұрыс емес. Ол басшылыққа хабарлап, полицияны шақыртуы тиіс", - деді Green Bus Company директоры Бауыржан Құлышев.

Оның сөзінше, жүргізуші ендігі жұмыстан шеттетілді және тіртіптік жауапкершілікке тартылды.  

"Бізде мұндай жағдайлар болған, мердігер компаниялар өз бетімен әрі рұқсатсыз троллейбус бағыттарын қаза бастаған. Автобус бағыттары жайлы айтпай-ақ қояйын, үйреніп алған, айналып өте береді. Жолдарда жөндей жұмыстары жүріп жатса, біз шығындаламыз. Өткен жылы троллейбус паркі бойынша 70 миллион теңгеден аса шығынға баттық және автобус паркі бойынша 180 миллион теңгеден асады. Жылу жолдары өз сметасында көлік компанияларының шығынын есептемейді. Бірақ олар минималдық сомаларды төлей бастады, шамамен 20-30 пайыздай", - деді Құлышев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети