25 тамыз 2022 09:34

Алматыда тұрғындар турфирманы алаяқтық жасады деп айыптады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда 50-ге жуық адам бір турфирманың алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 50-ге жуық адам бір турфирманың алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтардың айтуынша, биыл жазда олар шетелде демалмақ болған. Осыған байланысты олар туристік компанияға жүгінген. Компания қызметкерлері клиенттерге Түркия, Мальдив аралдары, Черногория, Египет және басқа да бағыттарға тур сатқан. Алайда белгіленген күні олардың ешқайсы билет алмаған.

"Туристік агенттік бізге жоқ турларды сатқан. Олардың директоры А.С. алаяқтық жолмен сенімімізге кіріп, ақшамызды алып, жолдамалар мен демалыс турларын алатынымызға сендірді. Соңғы күнге дейін ол бізді алдады. Соңында не тур, не ақша алған жоқпыз", - дейді ықтимал құрбандардың бірі, 48 жастағы Алина Кибекова.

Оның айтуынша, қазірге дейін 49 зардап шегуші жиналған. Оның 42-сі полицияға арыз жазған. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 40 миллион теңгеден асады. Бірақ тұтынушылар бұл көрсеткіш екі есе болуы мүмкін екенін айып отыр.

Кибекова көп клиентте қызмет көрсетуге уәде етілген келісімшарт және ақша алынғаны туралы түбіртек жоқ екенін атап өтті. Бірақ оларда банк қосымшасы арқылы ақша жөнелтілгені туралы растау, туристік агенттік директоры мен менеджерлердің хат-хабарлары мен дауыстық хабарламалары бар.

"Көпшілігіміз күмәндандық және менеджердің нұсқауымен ақшаны қайтару туралы өтініштер жаздық. Сондай-ақ, олар ақшаның қайтарылатыны туралы кепілдік хаттар беріледі деп уәде берді. Алайда көпшілігіміз әлі ештеңе алған жоқпыз. Бәріміз А.С.-ның кеңсесінде ақшаны қайтару туралы өтініш жазғанбыз. Бірақ екі аптадан бері онда ешкім жоқ", - деп түйіндеді сөзін Алина Кибекова.

Алматылықтар видео-үндеу де түсірген.

Алматы Полиция департаменті зардап шеккендердің арызы қабылданғанын хабарлады. Іспен Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр.

"Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша қылмыстық істің материалдары өндірісте жатыр. Істің мән-жайын анықтауға және болашақта кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети